USD
USD
USD

Интернет алаяқтықпен айналысқандар ұсталды

Polisia.kz.

Интернет алаяқтықпен айналысқандар ұсталды
Фото: NEGE.kz

СҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өңір прокуратурасының үйлестіруімен Нұр-Сұлтан қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасымен бірлесіп, жеті адамнан тұратын алаяқтардың қылмыстық тобын ұстады, деп хабарлайды 

Алматы, NEGE. Ұсталғандардың IT-технологиялар, психология саласында білімдері бар. Мұны олар алаяқтық қызметтеріне қолданған. Топ үш айда құрылған. Әр қатысушының өз рөлі болған.
Мысалы: ұйымдастырушылар үйлестірушілердің рөлін атқарып, алаяқтық жолмен алынған ақша қаражаттарын аудару мен алуға лимиттерді көтеруге нұсқау берді, топтың басқа мүшелері төлем карталары ресімделетін адамдарды – «дропперлерді» таңдады. Оларды қылмыскерлер бұрын сотталған, балалар үйінің түлектері, студенттер және жай ғана аңқау адамдар арасынан таңдаған.

Төлем карталары ұйымдасқан қылмыстық тізбек бойынша Қазақстан қалаларындағы топтың басқа қатысушыларына банкоматтардағы қаражатты одан әрі қолма-қол ақшаға айналдыру үшін берілген.

Ұсталғандардың барлығы Нұр-Сұлтан және Петропавл қалаларының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың үшеуі бұрын ұрлық, көлік ұрлығы, бұзақылық үшін сотталған.
Бүгінгі таңда интернет-алаяқтықтың 64-тен астам эпизоды анықталды.
Келтірілген шығын сомасы шамамен 200 млн теңгені құрайды.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті