USD
USD
USD

Интернет нашар жерлерде қолдануға болатын VoWiFi технологиясы 2026 жылдан бастап енгізіледі

Қазақстанда 2026 жылы кез келген қолжетімді Wi-Fi желісі арқылы дауыстық қоңыраулар жасауға және қабылдауға мүмкіндік беретін VoWiFi технологиясы іске қосылмақ.

Интернет сапасы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Мұндай инновациялық шешімді енгізу интернет нашар жерлердің проблемасын, яғни тұрғын және кеңсе ғимараттарының ішінде ұялы сигналы әлсіз аймақтарды жоюға мүмкіндік береді. Бұл туралы Үкімет отырысында ұялы байланыс компанияларының өкілдері хабарлады.

«VoWiFi технологиясы Wi-Fi арқылы дауыстық қоңыраулар шалуға мүмкіндік береді. Біз қызметкерлеріміздің арасында оны пилоттық режимде сынақтан сәтті өткіздік. Келесі жылы бұл технология жаппай қолжетімді болады»,

— деп атап өтті «Кар-Тел» компаниясының атқарушы директоры Евгений Настрадин.

Отырыста нарық қатысушылары атап өткендей, интернет нашар жерлердің проблемасы халықтың 99%-ы 4G байланысымен қамтылғанына қарамастан өзекті болып қала бермек. Негізгі себеп – қаладағы қарқынды құрылыс жұмыстары, өйткені, жаңа ғимараттар сигналдарды жауып тастайды, сондай-ақ, жұмыс істеп тұрған базалық стансаларды алып тастауға тура келетін жағдайлар да жиі кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры

Қазақстанда жұмыссыз қалғандарға берілетін әлеуметтік төлем мерзімі қысқармақ

Ақша

Алматыда Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй 12,8 млрд теңгеге сатылымға шығарылды

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй