USD
USD
USD

«Интернет-алаяқтық схемасын ұйымдастырған»: Қытайдың 13 азаматы елден шығарылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанда заңсыз жүрген 13 Қытай азаматын анықтап, ұстады. Тексеру барысында шетелдіктердің Қазақстан аумағында халықаралық интернет-алаяқтықтың жасырын схемасын ұйымдастырғаны анықталды.

Қазақстанда заңсыз жүрген шетелдіктер
Фото: ҰҚК

Астана, NEGE. Комитет өкілдерінің хабарлауынша, шетелдіктерден көптеген компьютерлік техника, ұялы телефондар, Starlink спутниктік интернет жабдықтарының жиынтықтары, криптоәмияндардағы ірі көлемдегі қаражат табылған.

«Топтың әрекеттері Қазақстан резиденттері болып саналмайтын өзге елдердің азаматтарына қарсы бағытталған және шетелден үйлестіріліп отырған», – деп хабарлады ҰҚК.

Тексеруді Қытай қоғамдық қауіпсіздік министрлігі жалғастырып, ұсталғандардың кейбірі өз елінде осыған ұқсас әрекеттері үшін іздеуде жүргенін анықтаған.

16 қазанда шетелдіктер әкімшілік тәртіппен Қазақстан аумағынан шығарылды. Олардың әрекетін одан әрі Қытайдың уәкілетті органдары тергеп-тексереді.

Қазір оқып жатыр

Давид Дегтярев V Азия Пара ойындарында жаңа рекорд орнатып, алтыннан алқа тақты

Давид Дегтярев

Шымкетте қызғаныштан сүйіктісін пышақтап өлтірген әйел 10 жылға сотталды

Қазақстан

Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегіне байланысты мәлімдеме жасады

оңалту орталығы

Чип те жоқ, өндіріс те жоқ: Қазақстан технологиялық жарыстан қалып бара ма?

Чип