2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Интернатта төрт бала неден қайтыс болған?

ШҚО-да Аягөз интернатында қайтыс болған төрт баланың ісіне қатысты ведомствоаралық комиссия тергеуінің нәтижесі жарияланды.

Интернатта төрт бала неден қайтыс болған?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО әкімінің орынбасары Әлишек Мархабат дәрігерлердің шешімін негізге ала отырып, балалардың өліміне қызылшаның қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Бұған дейін балалар қызылшадан қайтыс болды деп жарияланған еді.

"Балалар ай бойы әртүрлі уақытта қайтыс болды. Олардың туа біткен аурулары асқынып кеткен. Алғашқы жағдай 2 сәуір күні болды. 2008 жылы туған бала болатын.

Екінші жағдай 11 сәуірде болды, 2009 жылы туған бала.

Үшінші жағдай 20 сәуірде болды, 2006 жылы туған бала.

Төртінші жағдай 29 сәуірде болды, 2012 жылы туған қыз.

Дәрігерлердің шығарған қорытындысы бойынша балалардың ауруының асқынуы қызылшаға қатысы жоқ. Бұл туралы тиісті медициналық куәліктер мен актілер бар", - деді ол.

Сонымен қатар, ол қайтыс болған төрт баланың ата-анасы бұрын олардан бас тартқаннын атап өтті.

Ішкі істер органдары ҚК 317-бабы 4-бөлігіне "Абайсызда екі не одан да көп адамның өліміне әкеп соққан медициналық немесе фармацевтикалық мамандардың кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамауына" сәйкес өлім фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер