USD
USD
USD

Инстаграмның танымал жұлдыздары кімдер?

Отандық шоу-бизнес өкілдері инстаграмдағы оқырман санына келгенде, шетелдік әріптестерінің шаңына да ілесе алмасы анық. Әзірге әлем бойынша, аталмыш әлеуметтік желіде фалловері ең көп - Криштиану Роналду көш бастап тұр. Футболшыға бүгінде 202 миллион адам жазылған.

Инстаграмның танымал жұлдыздары кімдер?
Фото: NEGE.kz

Спорт жұлдызына айналған Криштиану Роналду оқырман саны 200 миллионға жеткені үшін, әлеуметтік желі арқылы көпшілікке алғысын білдірген еді. Небәрі 2 аптаның ішінде оның фалловерлер саны 2 миллионға артқан. Осы уақытқа дейін бұл көрсеткішке шоу-бизнес өкілдері қол жеткізе алмады.

Әйгілі футболшыға деген оқырман қызығушылығының артуына оның сүйіктісі - Джорджина Родригес септігін тигізген көрінеді. Роналдудың ғашығының кезінде қарапайым дүкен сатушысы болғаны көптің назарын аударған. Сонымен қатар Криштианудың жиі жариялайтын жанұялық суреттері үнемі ел назарында.

Ариана Гранде де көп ұзамай Роналдудың рекордын басып озбақ ниетте. Алайда, әнші ару әзірге 174 миллион оқырманымен, екінші орынды місе тұтып отыр. Желі қолданушыларының арасында Ариананың танымалдылығының шарықтауына оның хит тректері себеп болған. Одан бөлек, өнер иесінің инстаграм парақшасымен айналысатын тұтастай командасы бар көрінеді.

2018 жылы Голливудтың ең табысты актеры атанған Дуэйн Джонсон қалың әмиянымен ғана емес, желідегі оқырман санымен де мақтана алады. Мінсіз мүсінді серінің инстаграм парақшасына 171 миллион фалловер жазылған.

Оқырманның көптігі табыстың оңай түрі десек, артық айтқандық емес. Сондықтан кейбір өнер өкілдері фалловерлерінің көптігін пайдаланып, қалтасын қалыңдатып жүр.

 

Қазір оқып жатыр

Ер адам Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апатынан аман қалды

Жол апаты

Шахтинскіде газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті

.

Қосшыда жол жиегінен сәбидің денесі табылды

Сәби

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

.