USD
USD
USD

Instagram-дағы жазба үшін сотталды

Атырауда 22 жастағы тұрғын Instagram желісіне аудио және видео материал жүктегені үшін сотталды, деп хабарлайды  Polisnews.kz басылымы.

Instagram-дағы жазба үшін сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атырау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 жастағы жігіт дін маманы Ибн әл-Джаузидің идеясын насихаттайтын аудио-видео материалдарды Instagram желісінде жариялаған. Діни сараптаманың қорытындысына сәйкес, бұл жазбалардың мазмұны Қазақстанда қолдануға және таратуға тыйым салынған.

Осыған байланысты ер адам ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 453-бабын бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Сот қаулысына сәйкес ол 55 560 теңге (20 АЕК) айыппұл төлейді, ал әлеуметтік желідегі парақшасы жабылды.

Бұдан басқа Атырауда соңғы уақытта Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің аталған бабы бойынша тағы төрт ер адам жауапқа тартылған. Олардың бірі Мысырда теологиялық бағыттағы күмән туғызатын оқу орнында білім алған. Содан кейін өзінің ВКонтакте желісінде ислами емес негіздегі идеологтарды насихаттаған. 

Қазір оқып жатыр

Алаяқтық және параға сатып алу: «Қазақмыс» үш қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады

Қазақмыс

Роман Скляр жаңа мемлекеттік комиссияны басқарады

Роман Скляр

Түркияда Қазақстандағы елшілік құрылысына бөлінген $15 млн төңірегінде дау туындады

Түркияның Қазақстандағы елшілігі ғимараты

Алматыда үй өртеніп, бес адам көз жұмды

Өрт сөндіру