Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Instagram-да тұңғыш рет үйлену той болады

Қазақстанның «Спарта» КТК командасының капитаны Данияр Жұмаділов «Жаса» акциясына қосылып, тың бастама көтерді.

Instagram-да тұңғыш рет үйлену той болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Мен де тыс қалмай, «Жақсылық жаса» акциясына қатысайын деп шештім. Жас жұбайлар махаббатының үздік оқиғасына арналған байқау жариялаймын. Жүлде – Instagram-ның тікелей эфирінде онлайн үйлену тойын өткізу. Онда беташар, шоу-бағдарлама, шоу-балет, шақырылған жұлдыздар - бәрі болады», - деп жазды Данияр Жұмаділов Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, Қазақстандағы бірінші Instagram-үйлену тойының басты кейіпкері болу үшін отбасын құруға ниетті жұптар вайн, қалжың, лирика түрінде өздерінің махаббат тарихына қатысты қысқа видео түсіріп жіберуі тиіс.

«Тікелей эфир барысында барлық жұптың ішінен жеңімпазды ұлым Әли тосын түрде таңдап алады. Ал біз керемет онлайн-үйлену тойын өткізіп береміз. Өз атымнан да сыйлық жасаймын.

Видеоға #instaсвадьба #жаса #действуй хештегін қойыңыздар. 10 күннен кейін тікелей эфирде қорытындысын шығарамын. Барлықтарыңызға сәттілік, табыс тілеймін. Жақсылық жасаңыздар!», - деді ол.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 350 грант бөлді

Білім гранты

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.