USD
USD
USD

Инфрақұрылымдық жүйелерді жаңарту кезек күттірмейтін мәселе

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Болатбековтың алғашқы жартыжылдықта атқарған жұмыстарының есебін тыңдады.

Инфрақұрылымдық жүйелерді жаңарту кезек күттірмейтін мәселе
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Басқарма басшысы берген мәліметке сәйкес, тұрғындарды электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша биыл 18 жоба қолға алынып, іске асырылуда. Оның ішінде 15 тұрғын алап пен шағын ауданда электр жүйелерін жаңарту жұмыстары көзделіп, 3 қосалқы станцияның құрылыстарын жүргізу жоспарланған. Нәтижесінде биыл 21 мыңнан астам адам тұтынатын электр қуатының сапасы артады.

Табиғи газбен қамту бойынша 7 жобаның құрылысы қарқынды түрде атқарылуда. Оның ішінде 2 магистралды жүйелер мен бес шағын ауданды газбен қамту жұмыстары атқарылып отыр. Оған қосымша 12 жобаның құрылысы 2022 жылға өтпелі.

Қала әкімі М.Әйтенов халық тұтынатын электр энергиясының сапасын арттыру кезек күттірмейтін маңызды мәселе екендігін айта отырып, қосалқы станцияларды іске қосуды жеделдетуді және бұл жұмыстарды атқару барысында жүйелі тірлік атқаруды талап етті. Тұрғындарды газбен қамту жобалары бойынша биыл аяқталуы тиіс жұмыстарды жылыту маусымына дейін толығымен бітіріп, пайдалануға беруді тапсырды. Халықты газбен қамтудағы ауқымды жоба - №3 автоматты газ реттегіш станциясыдағы сынақ жұмыстарын талапқа сай атқарып, жақын күндері іске қосуды жүктеді.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт