Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Инфляциямен күреске 26 млрд доллар жұмсалмақ

Үндістан үкіметі жоғары инфляциямен күресу үшін 2022-2023 қаржы жылында 26 млрд долларға (2 трлн үнді рупийі) жуық қосымша қаражат тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды The Economic Times басылымы.

Инфляциямен күреске 26 млрд доллар жұмсалмақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бензин мен дизель отынына салынатын салықты азайту бойынша жаңа шаралар осы мақсаттар үшін қарастырылған қаражаттан екі есе арттырылып, 13 млрд долларға жетеді. Сондай-ақ тыңайтқыштарды субсидиялауға қосымша 6,5 млрд доллар қажет болады.

Онымен қоса, егер шикі мұнай бағасы қымбаттай берсе, билік жанармай салығын тағы төмендетуі мүмкін. Бұған 2022-2023 қаржы жылында бюджеттен қосымша 13-19,5 млрд доллар қажет болуы ықтимал. Ақпан айында жасалған мәлімдемеге сәйкес, Үндістан үкіметі биыл рекордты 185,5 млрд доллар қарыз алуды көздеп отыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық көлік бағыттарының маңызды бөлігіне айналып келеді

логистика

Каспий теңізі бетін майлы дақ басты: экологтар не дейді?

Каспий

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат

Стример әйел TikTok-тағы эфирден кейін психикалық ауруханаға жатқызылды

стример