Референдум Референдум
USD
USD
USD

Инфляция НЕГЕ өспейді?

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 9,25% деңгейінде сақтап қалатын болды.

Инфляция НЕГЕ өспейді?
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені жылдық 9,25% деңгейде қалдыру туралы шешім қабылдады.

Жылдық инфляция Ұлттық Банктің күткенінен төмен қалыптасуда. Нақты жалпыұлттық өнімнің өсу қарқыны біртіндеп үдеп келеді. «Базалық мөлшерлеме бойынша ағымдағы шешімді ескере келе, инфляция 2019-2020 жылдарға арналған 4-6% нысаналы дәліз шегінде қалыптасады» деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз-қызметі.

Бас банктің болжамына сәйкес, инфляция 2020 жылдың соңына қарай 5,5-5,7% аралығында болады. Ұлттық Банктің өзі айтып отырғандай, 2020 жылғы бірінші тоқсанда проинфляциялық тәуекелдер пайда болуы мүмкін. Ендеше, бұл өте батыл болжам екенін ескеруіміз керек. Азық-түлік бағаларының да өсім көрсеткіші де ауыздықтауға ырық бермейтін фактор.

Бірақ Ұлттық Банктің пікірінше, экономиканы фискалдық ынталандыруды одан әрі жалғастыру және оң болады деп бағаланып отырған шығарылым айырмасы 2020 жылғы инфляция серпінін айқындайтын негізгі факторлар болып қала береді.

Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2020 жылғы 3 ақпанда сағат 15:00-де жария етіледі.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда