USD
USD
USD

Инфляция деңгейі төмендейді

Экономистердің болжамынша, биылғы жаздың басынан Түркиядағы инфляция деңгейі төмендей бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі елдің бас реттеушісіне сілтеме жасап.

Инфляция деңгейі төмендейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түркия орталық банкінің басшысы Ш.Кавджиоғлуның айтуынша, елдегі орташа инфляция деңгейі 2022 жылдың соңында - 42,8%, келесі жылдың соңында - 12,9%, ал 2024 жылдың соңына қарай 8,3% деңгейінде болжанып отыр.

«Қазіргі уақытта біз инфляция деңгейі осы жылдың мамыр айынан кейін қисынды түрде төмендей бастайтынын байқаймыз. Экономистер бұл қаржылық көрсеткіш болжамды мән деңгейінен де төмен болуы мүмкін деп отыр. Бұдан басқа, осы экономикалық жағдайда бес жүз түрік лирасына тең банкнот пен 5 лира көлеміндегі тиын шығару жоспарланбаған», - деді ол.

Сонымен қатар, биылғы наурызда үкіметтік емес түрік ұйымы - ENAG инфляцияны зерттеу тобы жылдық инфляция деңгейі 142,63% болғанын хабарлады. Бұл Түркияның статистика институтының (TÜIK) ресми көрсеткішінен екі есе көп. Сол айдағы аталған көрсеткіш 61,14% болған еді.

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер