Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Инфляция деңгейі 9,7 пайызға дейін өсті

Нидерланды статистикалық басқармасының деректеріне сәйкес, елде инфляция деңгейі 9,7 %-ға дейін өсті.

Инфляция деңгейі 9,7 пайызға дейін өсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазіргі инфляция - Нидерландыда 1976 жылдың сәуірінен кейін тіркелген ең жоғарғы деңгей», – деген CBS Ұлттық статистикалық басқармасының өкілдері.

Мемлекет аумағында наурыз айында энергия 157 %-ға қымбаттап, тамақ өнімдері 6,2 %-ға өскен. Құрылыс материалдары, жиһаз және еден төсеніштерінің бағасы да жыл сайын 10 %-ға артып келеді. Тұрғын үйді жалдау құнын алып тастайтын инфляцияны есептеудің еуропалық әдісі еуроаймақтағы инфляцияны салыстыруға мүмкіндік береді.

Нидерланды статистикалық агенттігі нидерландылықтардың жалақысы 2022 жылдың алғашқы үш айында орташа есеппен 2,4 %-ға өскенін атап өтті. Осы жылдың бірінші тоқсанында инфляция 7,4 %-ды құраған. Қазіргі уақытта Нидерланды үкіметі энергия бағасын арзандату, әсіресе кедей отбасыларына ықпалын төмендету бойынша шаралар пакетін дайындады.

Қазір оқып жатыр

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел

Экономист Алматыдағы автотұрақтардың құнын 1 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды

ақылы тұрақ

ОСК: Аккредиттелген байқаушылар саны Құрылтай сайлауына халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді

Нұрлан Әбдіров