Индустриялық аймақ – Алатау ауданының басты өнеркәсіп әлеуеті
Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары Ертіс Бесіров аудан аумағында қандай кәсіпорындардың ашылғаны туралы баяндады. Оның айтуынша, 2022 жылдың 6 айында Алатау ауданы бойынша мемлекеттік бюджетке 35,4 млрд теңге түсті, оның ішінде республикалық бюджетке – 17,4 млрд теңге, жергілікті бюджетке – 17,9 млрд теңге.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 52,4 млрд теңгені құрады. Жыл басынан бері 3 516 жұмыс орны ашылды. «Индустриялық аймақ ауданның басты өнеркәсіптік әлеуеті. Бүгінде жалпы сомасы 114,7 млрд теңгені құрайтын 2688 жұмыс орнын құру арқылы 19 жоба іске асырылды, 519,1 млрд теңгеге өнім өндірілді», – деді Е. Бесіров.

Кәсіпорындар тізімінде «BRB APK», «Almapack», «DOC Co.LTD», «TOKYO ROPE ALMATY», «KMK Investment», «KazTigerTape», «ЭНКО», «ASSET», «Техновид», «МПЗ Бижан», «ДорХан-Алматы», «Алмерек», «Hyundai Trans Kazakhstan», «СК Рахат» «Г.С.Г. Высотник», «KMK Investment второй этап», «Asia steel pipe corporation» және 3 өндірістіп парк «ADS Industries», «KazStroyTrade», «ALAESTATE» бар.
2022 жылдың соңына дейін 276 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 10,1 млрд теңгеге тағы 6 жобаны іске асыру жоспарланған. «Каз-Диа-Тест», «City Stone», «Электробар», «Valtherm», «Story Production», «TEPLOSTIL». Тағы да бір басты перспективалық жобалардың бірі өнеркәсіптік парктерді дамыту. Биылғы жылы 370-тен астам жұмыс орнын құрумен, 15 480 шаршы метр құрайтын өндірістік үй-жайларды пайдалануға берумен 3 өнеркәсіптік парктерді (ALAESTATE-2, «Qazaq Plast» ЖШС, «Alatau Industrial Park», сондай-ақ ADS Industries-тің 2-ші кезеңі) іске қосу көзделген.
Жолға асфальт төсеу жұмысы жалғасады
Бүгінде Алатау ауданындағы жолдардың ұзындығы 706 шақырымды құрайды, оның 583,6 шақырымы (82,6 пайыз) асфальтталған. Бұл жұмыс әлі жалғасын табуда. Ауданға қарасты «Алғабас» шағын ауданында (31,8 шақырым) жаңа жолдар салынып жатыр.
2022 жылдың соңына дейін ауданның 47 көшесі бойынша, оның ішінде тұйық көшелері бар 7 шағын ауданда жалпы ұзындығы 53,3 шақырым жолды орташа жөндеумен қамту жоспарланған.

Сонымен қатар 30 көшеде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы бағыттағы жұмыстар толастамайды. Ал инженерлік желілерге келсек, бүгінгі таңда 6 шағын ауданда, атап айтқанда Шапағат, Қарасу, Алғабас, Әйгерім-1,2, Шаңырақ-1, Боралдайда жалпы ұзындығы 207 шақырым (су – 116,6 шақырым, кәріз – 90,3 шақырым) инженерлік желілердің құрылысы жүргізілуде. Жол инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары жалғасып, онда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі уақытта «Ақбұлақ» (28,74 шақырым), «Өжет» (83,41 шақырым) және «Самғау» (37,46 шақырым) шағын аудандары бойынша салынған желілер пайдалануға беріледі.
Сондай-ақ, биыл «Теректі» шағын ауданында 44 шақырым сумен жабдықтау және 32 шақырым кәріз желілерінің құрылысы жоспарланған. Ағынды суларды ағызу үшін 30 кәріз сорғы станциясының құрылысын бастау жоспарланған. Бұл Әйгерім-1,2 (8 КСС), Самғау (3 КСС), Өжет (2 КСС), Шаңырақ-1 (10 КСС), Шаңырақ (7 КСС) ықшам ауданында жүзеге асады.