USD
USD
USD

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды

ҚР үкіметінің қаулысымен Иран Шарханұлы Шархан Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Иран Шарханұлы Шархан 1987 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Білімі:

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін бітірген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2008 жылы маркетинг бойынша маман болып бастады.

2009-2013 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Әкімшілік-құқық департаменті Мемлекеттік сатып алу басқармасы сарапшысының м.а., сарапшысы, Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті Мемлекеттік сатып алу басқармасының бас сарапшысы.

2013-2014 – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы.

2014-2015 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Әкімшілік жұмыс департаменті директорының орынбасары.

2015-2016 жылдары – ҚР Оңтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

2016-2019 жылдары – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Әкімшілік жұмыс департаментінің директоры.

2019 жылы ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.

2020-2021 жылдары – Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы.

2021 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚПҚ бойынша жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры болып қызмет етті.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев

Шымкентте 39 жастағы ер адам көршісін балалардың көзінше өлімші етіп сабап, оқиға орнынан кетіп қалған

ұрлық