USD
USD
USD

«Индустрия 4.0: Креативті студент» – Түркістанда студенттер арасында республикалық конкурс өтті

Ахмет Ясауи университетінде отандық жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Индустрия 4.0: Креативті студент» атты республикалық конкурс өтті.

Түркістан
Фото: gov.kz

Түркістан, NEGE. Конкурстың І кезеңіне республиканың 10 жоғары оқу орнынан 100-ден аса ғылыми жоба бойынша өтінім келіп түсті. Сараптамалық бағалау нәтижесінде студенттер арасынан 42 ғылыми жоба ІІ кезеңге жолдама алды. 

Қорытынды кезеңге өткен қатысушылар: «Интеллектуалды шахмат тақтасы», «Smart көпір жобасын жасау әдістемесі», «Тірек -қимылы бұзылған балларға арналған көп функционалды техникалық құрылғылар», «Физиканы оқытудағы STEM тәсілінің дидактикалық құралдар жүйесі», «Кәсіптік білім берудегі vr-технологияларды қолдану» және өзге де маңызды тақырыптар бойынша жобаларын қорғады.

Қазылар алқасы озық ғылыми жобалар мен техникалық туындылардың ішінде үздіктерін анықтады.

Республикалық конкурс нәтижесі бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ, С.Аманжолов атындағы ШҚУ, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің және Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ студенттері жүлделі орындарға ие болды.

Қазір оқып жатыр

Авиаотын бағасын негізсіз көтерген: Тараз әуежайына айыппұл салынды

әуежай

«Оңбаған болмаңдар»: Елші Дәурен Абаев жастарға қандай кеңес берді?

Дәурен Абаев

Санжар Боқаевты алғашқы сот отырысы алдында Алматыдан Астанаға алып кеткен

Санжар Боқаев

Баланы молда сүндеттегіні дұрыс емес – уролог

Азамат Сандыбайұлы