USD
USD
USD

inDrive және Яндекс такси жүргізушілеріне қойылатын талап күшейтілуі мүмкін

ҚР Көлік министрлігі қалалар арасында жолаушылар тасымалымен айналысатын inDrive және Яндекс жүргізушілеріне қойылатын талаптарды күшейтпек.

 inDrive және Яндекс такси жүргізушілеріне қойылатын талап күшейтілуі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Комитет басшысы қазір осы қосымшалар арқылы жолаушы тасымалымен айналысатын жүргізушілерге жылдамдықты және аталған жүргізушілердің жұмыс және демалыс режимін сақтамағаны үшін жауапкершілікті қарастыратын түзетулер пакеті дайындалып жатқанын айтты.

“Жүргізушілер 8 сағаттан артық көлік жүргізбеуі керек, өйткені олар қырағылығын жоғалтады. Бізде жол-көлік оқиғаларының 35 пайызы дәл осындай жағдайларға байланысты. Біз жол картасын қабылдаймыз, ол жерде заңсыз тасымалдаушылармен күресетін пункттер бар. Соның ішінде InDrive және Yandex бағдарламалық қосымшалары да бар. Бұл жұмысты Ішкі істер министрлігімен бірлесіп жүргізетін боламыз", – деді көлік комитетінің басшысы.

Жаңа жоба мынадай тәртіппен жұмыс істейді: Ішкі істер министрлігі көліктің орташа жылдамдығын бақылайды. Мәселен, ереже сақталса, Қарағандыдан Астанаға бір сағатта жету мүмкін емес. Сондай-ақ ішкі істер министрлігі такси жүргізушілерінің заңсыз жиналатын орындарын және жүргізушінің қанша сағат көлік жүргізгенін бақылап отырады. Егер жүргізуші рульде 8 сағаттан артық отырса, оған айыппұл салынады.

Сонымен қатар, көлік министрлігі Қазақстанның аймақтары арасында тасымалдайтын жолаушылар автобустарын жаңартуды да жоспарлап отыр.

Қазір оқып жатыр

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс

Нью-Йорк подиумындағы тосын сәт: шапан киіп шыққан қазақстандық жұрт назарын аударды

Сән көрсетіліменде сахнаға шыққан блогер