USD
USD
USD

inDrive Қазақстанда inVision U университетін ашу туралы ұсыныс жасады

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов inDrive жаһандық көлік және қала қызметтері платформасының негізін қалаушы және СЕО Арсен Томскиймен кездесті.

Үкімет
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Цифрлы индустрияның өзекті мәселелері талқыланып, қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында жаңа шешімдер енгізу перспективалары қаралды. Қазақстанда цифрлы экожүйе құрылған, Орталық Азиядағы IT стартаптардың ірі халықаралық технопаркі жұмыс істейді, креативті шешімдерге белсенді түрде қолдау көрсетілуде. Ұлттық жасанды интеллект орталығын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Мемлекет басшысы Жолдауда цифрландыру саласындағы жұмысты жандандыруды тапсырды. Бұл – басым міндет. Қазақстан экономика құрылымындағы цифрлы технологиялар үлесін ұлғайтуды және IT қызметтер экспортын одан әрі арттыруды мақсат етіп отыр. Біз ішкі нарықта ірі IT компаниялардың болуын құптаймыз», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Өз кезегінде Арсен Томский бірлескен цифрлы платформаларды енгізуге және интеллектуалды индустрияны дамытудағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.

Атап айтқанда, inDrive Қазақстанда IT, білім беру, ғылым, өнер және басқа да бағыттар бойынша білікті мамандарды даярлайтын 400 адам білім алатын inVision U университетін ашу туралы ұсыныс жасады.

Сонымен қатар компания ірі мегаполистерде ауа сапасын жақсарту бойынша бірқатар экологиялық бастаманы іске асыруды жоспарлап отыр. Бірінші жоба Алматыда жүзеге асырылады. Үкімет басшысы тиісті мемлекеттік органдарға қоғамдық жобаға көмек көрсетуді тапсырды.

Кездесу қорытындысы бойынша еңбек процестерінің заңдылығы мен ашықтығын, сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызы атап өтілді. Сондай-ақ inDrive Қазақстанның платформалық жұмыспен қамту жөніндегі бастамасын қолдайды. 

Қазір оқып жатыр

Көлік әйнегін күңгірттеу бюджетке қосымша табыс әкелуі мүмкін

.

Тараз тұрғындары балабақша маңынан жүйіткіп өтетін көліктерден қауіптеніп, полициядан көмек сұрады

Жол белгісі

Дубайда өмір бойына сотталған қазақ жігітіне қандай айыптар тағылған?

сот

Пластик есік-терезе орнатқан: Маңғыстауда жартасты мешітті бүлдіргендер іздестіріліп жатыр

Қапам ата мешіті