Индонезия тұрғыны «Дайдидау» әнін көне аспапта орындады (видео)

Индонезиялық сасандо дәстүрлі музыкалық аспабында ойнаушы Наталино Мелла қазақтың әйгілі «Дайдидау» әнін ұсынды, деп хабарлайды Dimashnews.com.
Алматы, NEGE. Сасандо – Индонезиядағы көркем Роти аралынан шыққан дәстүрлі музыкалық аспап. Сасандо – бамбук түтігінің цитрасы, оның ішектері арфадағыдай саусақ көмегімен қозғалады. Бамбуктың басқа цитраларынан айырмашылығы, сасандода түтікті ішектермен қоршап тұратын ерекше резонатор бар. Оны желдеткішпен таратуға немесе ол қолданылмаса мүлдем жабуға болады. Резонатор Оңтүстік-Шығыс Азияда өсетін лонтарлы пальма жапырақтарынан жасалған. 2017 жылы Dimash Indonesia Dears фан-клубы көп ойлана келе Димашқа сасандоны барлық индонезиялық жанкүйерлерінің ризашылығын білдіру үшін сыйлықа беруді ұйғарды. Сондай-ақ, әншіні өз елінің мәдениетімен, өзіне ұнайтын нәрсе – музыка арқылы таныстыруды жөн көрді.
Индонезиялық фан-клуб сасандода кәсіби және шебер ойынаушы Наталино Мелламен байланыс орнатқан. Ол 2021 жылғы 26 мамырда әншінің Нұр-Сұлтандағы Индонезия елшілігіне барған кезде Димашқа сыйға тартылған аспапты өзі жасаған. Сасандоның көптеген түрі бар, олардың әрқайсысы қолмен жасалған және өзіндік ерекшелігі бар. Димашқа сыйға тартылған сасандо 45 ішекті және арнайы тұғыры бар. Сондай-ақ орындаушыға осы аспапта ойнау бойынша оқу құралы табыс етілді. Сасандоны Қазақстанға жіберу үшін индонезиялық Dears 4 жыл бойы бірнеше рет тырысқан, Индонезия елшілігіне сыйлық Димаштың келуіне бір күн қалғанда ғана жеткізілген. Ал 17 маусымда индонезиялық фан-клуб Наталино Мелладан күтпеген хабарлама алады, онда аты аңызға айналған «Дайдидау» әніне бейне түсірілген. Димаштың барлық жанкүйерлері үшін сүйікті әнін олардың дәстүрлі музыкалық аспабында шырқағанын есту үлкен мәртебе болды.