USD
USD
USD

Индира Еділбаева «Украина дауысы» жобасында қазылар алқасын таңғалдырды

Бүгінде Қазақстандық өнер өкілдері шет елде танылып, топ жаруды мақсат тұтып отыр. «Rin’Go» тобының мүшесі Әділжан Умаров «Түркия дауысы» жобасына жолдама алса, әнші Индира Еділбаева «Укрина дауысы» байқауында өнер көрсетеді.

Индира Еділбаева  «Украина дауысы» жобасында қазылар алқасын таңғалдырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Танымал жобада бағын сынаған Индира Еділбаева «The HARDKISS» тобының «Мелодія» әнін орындады. Вокалдық қабілетімен қазылар алқасын таңдай қақтырған отандасымызға барлық тәлімгер бұрылды. Төрешілер арасынан бірінші болып оң бағасын берген Дан Балан ән аяқталған соң сахнаға шығып, Еділбаеваны құттықтады. Қазылар алқасының айтуынша, қазақ қызы тек өнерімен ғана емес, сұлулығымен де бірден көзге түскен. Өнер иелеріне алғыс білдірген Индира Дан Баланның тобын таңдады.

Айта кетейік, 28 жастағы Индира Еділбаева қазақ эстрадасына танымал жасөнерпаздардың қатарында. Ол 2015 жылы «Қазақстан дауысы» жобасының II маусымына қатысты. «Загадай желание» атты отандық фильмде басты рөлді сомдады.

 

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі