USD
USD
USD

Индиан-Уэллс: Путинцева үшінші айналымға шықты

Қазақстандық, әлемнің 43-ракеткасы Юлия Путинцева Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA1000 турнирінің үшінші айналымына шықты. 
Индиан-Уэллс: Путинцева үшінші айналымға шықты
Фото: NEGE.kz
 
Алматы, NEGE. Ю.Путинцева екінші айналымда отандасы, әлемнің 16-ыншы, осы жарыстың 13-ракеткасы Елена Рыбакинамен кездесті.
 
Бұған дейін екеуі өткен жылы Рим додасында ойнап, онда Ю.Путинцева 4:6, 7:6 (7:3), 6:2 есебімен жеңіске жеткен еді.
 
Бұл жолы да Путинцева басымдылық көрсетті. Бірінші сетте 6:2 есебімен ұтса, екіншісінде тай-брейкте әбжілдік танытты – 7:6 (7:5).
 
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсекеде эйс жасамағанымен, Путинцева 14 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Рыбакина 3 эйс жасап, 2 брейкке (4 брейк-пойнт) қол жеткізді.
 
Ю.Путинцева үшінші айналымда әлемнің 29-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкомен шеберлік байқасады.

Қазір оқып жатыр

Құрылтайда жаңа депутаттық топ құрылды: оны Дана Медеуова басқарады

Дана Медеуова

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық