USD
USD
USD

Індеттің екінші толқынына дайындық жасалып жатыр

Елде коронавирустың екінші толқынына дайындық қызу, деп хабарлайды «Хабар 24».

Індеттің екінші толқынына дайындық жасалып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Бұған дейін дәрі, медициналық аппараттар тапшы болғаны белгілі. Енді отандық бірыңғай дистрибьютор елге 2 айға жетерлік дәрі-дәрмек жеткізіп, арнайы резерв пен тұрақтандыру қоры құрылған. Оған 8,2 млрд теңге жұмсалды. Өкпені жасанды желдету аппараттарын да өзіміз жасаймыз. Алғашқы 1500 данасы қазан айында ауруханаларға жөнелтіледі. «СК-Фармация» компаниясы дәрі тасымалын жылдамдату мақсатында тендер өткізу мерзімін 45 күннен 25 күнге азайтты. Препараттарды жеткізу бұрынғыдай екі апта емес, енді бір жұма ішінде аяқталуы тиіс. Бүгін Сенат депутаттары жағдайға қанық болу үшін «СК-Фармация» компаниясының елордадағы қоймасына барып, дәріханаларды аралады. Ерхат Есқалиев, «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы:

- 10 млн маска сатып алдық, нарықта қазір 50 млн маска бар. Кеше олардың бағасы 40 теңге болып бекітілді, біз 2 теңге үстеме ақы қосып, дәріханаларға жібереміз. Шекті баға 60 теңге, – деп түсіндірді.

- Бұл кешігу екі айдан 3-4 айға дейін созылып келе жатқан дәрі-дәрмектер бар. Әрине, ең бастысы, науқастың емінің бұзылуына алып келеді. Ең бастысы, дәрі-дәрмектерді мерзімінде жеткізіп беру мәселесі ең өзекті мәселе болып тұр. Тиісті дәрінің бір қоймада дефициті болса, бір қоймада профициті болып жатқан жағдай бар. Түпкілікті мақсатымыз – науқас өзінің дәрі дәрмегін алуы тиіс, – дейді Сенат депутаты: Ақмарал Әлназарова.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті