Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Індетке шалдыққандар 10 миллионнан асқалы тұр

Бір аптадан соң әлем бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 10 миллионнан асады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адан Гебрейюс айтты.

Індетке шалдыққандар 10 миллионнан асқалы тұр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ДДСҰ қазірдің өзінде індетке шалдыққандардың саны 9,1 миллионның үстіне шықты деп санайды. Сондай-ақ, 473 мыңнан астам науқас қайтыс болған. Бұл туралы lenta.ru хабарлады.

Worldometers порталының дерегінше, 7 маусым күні 7 миллион адамның инфекция жұқтырғаны белгілі болса, екі аптадан соң, яғни, 22 маусым күні 9 миллионға жеткен.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметіне сәйкес, пандемия басталғаннан бері 188 елде 9 391 433 адам осы індетке шалдыққан.  Алғашқы үштікке АҚШ (2,37 миллион), Бразилия (1,18 миллион) және Ресей (606 мың) енген.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА