USD
USD
USD

Індетке қатысты сұраққа Telegram-бот жауап бере алады

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы коронавирустық инфекция мәселелері бойынша Telegram-ботты іске қосты.

Індетке қатысты сұраққа Telegram-бот жауап бере алады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (ҚДСҰО) іске қосқан Telegram-боттың көмегімен пайдаланушылар COVID-2019 коронавирустық инфекциясы бойынша сұрақтарға жауап ала алады.

«Бұл ботты іске қосудың мақсаты — ел азаматтарының коронавирус жөніндегі сұраққа жауап алу рәсімін жеңілдету. Ақпарат алу үшін чаттағы «Старт« батырмасын басу керек. Ақпарат сұрау үшін пайдаланушы чаттың тиісті түймелерін басу арқылы пәрмендерді жіберу керек. Бұдан әрі пайдаланушы жауаптарды көре алады. Оның қызметтерін пайдалану үшін Telegramға тіркелген пайдаланушы болу керек» делінген хабарламада.

«Коронавирус-шұғыл желі» Telegram-боты коронавирустық инфекция туралы негізгі ақпаратты (коронавирус дегеніміз не, берілу жолдары, симптомдары, инкубациялық кезеңі, жұқтырып алудан қалай қорғану керек, карантинге кім алынады және т.б.) қамтиды.

Бот екі тілде: орыс және қазақ тілдерінде қолжетімді.

Сонымен қатар, коронавирус мәселелері бойынша ҚДСҰО базасында тәулік бойы call – орталық (1406) жұмыс істейді, тел. 8 7172 768 043.

Қазір оқып жатыр

Полиция отбасылық жанжалға байланысты Рахат Тұрлыхановтың үстінен іс қозғады

Рахат Тұрлыханов

TikTok-әкім таксилетіп жан бағып жүр

Арыстанбек Әбілқайырұлы

Brent мұнайының баррелі 103,91 долларға дейін өсті

Корея

Қазақстандықтардың 87,15 пайызы жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді

.