USD
USD
USD

Індет қай өңірде өршіп тұр?

Қазақстанның мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирус инфекциясы өршіп бара жатқан өңірлерді атады.

Індет қай өңірде өршіп тұр?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Осы жылдың 1 сәуірінде шыққан менің қаулыма сәйкес мемлекеттік шекара арқылы өтетін автоөткелдер мен теміржол өткелдерінде міндетті санитарлық карантиндік бақылау енгізілген. Қаулыға сәйкес міндетті түрде тексеру жүргізіліп, жүргізушілерден сауалнама мен тест алынуы тиіс. Тест теріс нәтижені көрсетсе де ол адам үй карантиніне жатқызылуы керек. Әлбетте тест оң нәтиже көрсетсе олар ауруханаға жатқызылады», - деді Айжан Есмағамбетова.

Сонымен қатар Айжан Есмағамбетова Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, Атырау облыстарында сырқаттанудың жоғары көрсеткіші тіркелгендіктен аталған өңірлерге карантиндік шектеу шараларын қатаң сақтау арқылы қосымша шектеу шараларын енгізу қажеттігін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында 425 мыңнан астам азамат дауыс бере алады

.

Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауы басталды

Сайлау

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция

«Сағиды» өлтірді деген күдікке кім ілінген?

Витта Махмаханов