USD
USD
USD

Індет әрбір алтыншы жас маманды жұмысынан айырды

 Халықаралық еңбек ұйымы зерттеулері осыны көрсетіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Баяндамаға қарағанда биыл ақпан айынан жастар арасындағы жұмыссыздық күрт өсіп, дүние жүзінде 305 миллион жас жұмыссыз қалған.

Індет әрбір алтыншы жас маманды жұмысынан айырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Індеттен, әсіресе, АҚШ жастары көп зардап шегіп отыр. Коронавирус жастардың оқуы мен тәжірибесіне кері ықпал тигізіп, еңбек нарығына шығуын қиындатқан. Осыған байланысты ұйым халықаралық қауымдастықты жастарды еңбекпен қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламаларды күшейтуге шақырды.

Халықаралық еңбек ұйымының бас директоры Гай Райдер: "Коронавирустан туындаған экономикалық дағдарыстан жастар көп зардап шегіп жатыр. Егер біз қазіргі жағдайды алға тартып, олардың дарыны мен қарым-қабілетін пайдалануды екінші орынға ысыратын болсақ, бұл біздің болашағымызға, індеттен кейін экономиканың қалпына келуіне кері әсерін тигізеді" деді.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында мәйітін өртеп жіберген полицей өліміне қатысты істі тергеу аяқталды

Аслан Әлсеров

Үкімет жаңа шарттарды бекітті: енді жәрдемақыны кімдер ала алмайды?

Көпбалалы аналар

LRT құрылысы: Астананың екі көшесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Астана

Вячеслав Ким Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмен атанды

Вячеслав Ким