USD
USD
USD

Індет 200 мың адам өмірін жалмады

Әлемде коронавирустан қайтыс болғандар 200 мыңнан асты. 2 921 201 адамға вирус жұқса, соның ішінде 836 969 адам жазылған. Бұл – АҚШ-тың Джон Хопкинс университеті таратқан деректер.

Індет 200 мың адам өмірін жалмады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. АҚШ індеттен қатты зардап шегіп отыр. 53 мың адам қайтыс болған, 930 мың адамнан вирус табылған. Италияда 26 мың адам қайтыс болған, 195 мың науқас бар. Испанияда вирустан 22 600 адам көз жұмған, 224 мың адам COVID-19 ауруына шалдыққан. Францияда 22 600 адам қайтыс болған, 160 мың науқас бар. Ұлыбританияда 20 380 адам қайтыс болған, 149 500 адам COVID-19 ауруына шалдыққан.

Германияда 156 мың адамнан вирус табылған, 5846 адам қайтыс болған. Канцлер Ангела Меркель Германия медицинасы қиындықтарды жеңді деп бірнеше рет мәлімдеді. Соңғы кезде билік бизнес өкілдеріне шектеулерді азайтқан. Бірақ әлі де болса адамдардың топтасып жиналуына рүқсат етілмеген.

Ресейде барлығы 681 адам қайтыс болған. Бір күнде 6 мыңға жуық адамнан вирус табылған. Вирус жұқтырғандар 74 588 адамға жеткен.

 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.