USD
USD
USD

Индерде «Димаш төбе» тарихи-мәдени кешенінің құрылысы жүріп жатыр

Атырау облысы Индер ауданында ашық аспан астындағы тарихи-мәдени кешен – «Димаш төбе» мұражайының құрылысы жүріп жатыр.

Димаш төбе
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің тапсырмасына сәйкес жүзеге асып жатқан жоба өңірдің тарихи-танымдық және туристік әлеуетін арттыруды көздейді. Мұражай Индербор кентінен 8 шақырым шығысқа қарай, Индер–Қарабау тасжолының бойында орналасқан. 

Кешенге қазба байлықтар мен рудалар салынған тас жәшіктер, 2 үлкен күмбезді композиция қойылады.

2023 жылдың қараша айында басталған құрылыс 2025 жылдың шілдесінде аяқталады деп жоспарланып отыр. 

Қазір жұмыстардың басым бөлігі аяқталған. Кешеннің аумағы – 1750 шаршы метр. 

Бұған дейін Атырауда Дінмұхамед Қонаев аялдаған жерде ашық аспан астындағы мұражай ашылатыны хабарланған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Жанабылов пен жұбайы татуласты: сот істі тоқтатты

Ерболат Жанабылов

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Блогер

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар