USD
USD
USD

Импорттық шұжықтың 85%-ы Ресейден әкелінеді

Қазақстанға Ресейден импорттық шұжықтың 85%-ы әкелінеді, деп мәлім етті ҚР ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров.

Импорттық шұжықтың 85%-ы Ресейден әкелінеді
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «Шұжық өнімдерінің импорты 33,3 мың тоннаны құрап отыр, бұл ретте көрші Ресейден 85%-ы әкелінеді. Ішкі нарық отандық өндірістің шұжық өнімдерімен қамтылған - 62%», - деді Омаров сейсенбідегі үкімет отырысында.
Ол атап өткендей, ішкі нарықты шұжық өнімдерімен толықтыру міндеті етөңдеуші кәсіпорындарды айналым мақсатында қаржыландыру және малдарын союға тапсыру үшін шаруаларды ынталандыру есебінен жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, министрдің айтуынша, қазіргі таңда етөңдеуші кәсіпорындар құрылысы бойынша тоғыз жоба жүзеге асырылуда, олар ішкі нарықты шұжық өнімдерімен қамтитын болады.

Қазір оқып жатыр

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.

Іскерлік кеңес: Шаруалардың жай-күйі «Әділет» партиясының назарында

.