Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Иммунолог күз мезгілінде ағзаға аса қажет дәрумендерді атады

Ағзаны маусымдық аурулардан қорғауда бета-каротин өте маңызды рөл атқарады. Сондықтан ауыру деңгейі жоғарылайтын күз айларында құрамында бета-каротин бар тағамдарды тұтынған жөн. Бұл туралы диетолог дәрігер, аллерголог және иммунолог Марина Аплетаева айтты, деп жазды iz.ru.

Иммунолог күз мезгілінде ағзаға аса қажет дәрумендерді атады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Күз мезгілінде қызғылт сары түсті тағамдарды тұтыну керек. Қызғылт сары түсті көкөністер мен жемістер: шабдалы, өрік, асқабақ, сәбіз, қауын. Бұл тағамдар бета-каротинге бай», - деді. Маманның айтуынша, А – жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығын вирустар мен бактериялардың енуінен қорғайтын негізгі дәрумен, бірақ ол таза күйінде тұтынылса, улы болуы мүмкін. Иммунолог бета-каротиннің қажет болған жағдайда А дәруменіне айналатынын атап өтті. Сонымен қатар күзгі кезеңде ағза үшін тағы бір маңызды элемент – С дәрумені. Оның арқасында жасушалық иммунитет жақсарады.
 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тұрғын үй саудасы түсіп барады

тұрғын үй нарығы

Атырау облысында полицейлерді тепкілеген үш тұрғын сот залында қамауға алынды

блогер соты

Қазақстанда әкімдіктердің біржолғы төлемін кім алатынын енді ЖИ анықтайды

көмек

Қазақстанда Egov 3.0 порталы іске қосылды

eGov Mobile