USD
USD
USD

Иммунолог COVID-19 жұқтыру қаупі төмен адамдарды атады

Ресейлік дәрігер-иммунолог Николай Крючков коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі төмен немесе нөлдік қаупі бар адамдардың санаттарын атады.

Иммунолог COVID-19 жұқтыру қаупі төмен адамдарды атады
Фото: NEGE.kz

Дәрігердің айтуынша, мұндай топқа алдымен туғаннан иммунитеті мықты адамдар жатады.

Алматы, NEGE. "Салыстырмалы түрде кішкентай вирустық "дозада" мұндай иммунитет жоғарғы тыныс алу жолдарының деңгейінде жұмыс істейді және инфекцияның ағзаға енуіне жол бермейді", - деді дәрігер "Комсомольская правда" басылымына берген сұхбатында.

Оның пікірінше, коронавирус жұқтыру қаупі төмен азаматтардың санатына денсаулығы мықты, азғасы тромбозға (тамырда қанның ұюы - автор) және иммундық реакцияға бейім емес адамдар да жатады. Алайда олар ауру жұқтырған күннің өзінде коронавирус инфекциясының белгілері байқалмайды.

"Біреу оған назар аударып, мән бермеуі мүмкін. Мысалы, ол бірнеше күн жөтеліп қана қояды. Алайда ағзада инфекция болады. Спецификалық иммунитет жұмыс істей береді", - дейді Николай Крючков.

Қазір оқып жатыр

Оралда 272 млн теңгенің негізсіз жұмсалуына жол берген шенеунік қатаң сөгіс алды

Шенеунік

Алматыда Қырғызстан студенттерін онлайн-казиноның ақша айналымына пайдаланған

Күдікті

«Байлығым, барым, әкімім»: Абай облысының әкімдігі Берік Уәлиді мадақтаған әнді өшіруді талап етті

Берік Уәли

«Аудитория әлі есеймеген»: Баян Алагөзова ашаршылық туралы фильмге қатысты пікір білдірді

Баян Алагөзова