USD
USD
USD

Имантау-Шалқар курорттық аймағы дамып келеді

Солтүстік Қазақстан облысындағы Имантау-Шалқар курорттық аймағында биыл 324 орындық 15 демалыс орнын пайдалануға беру жоспарланған. Енді туризм саласын дамытуға жұмсалған қаражаттың бір бөлігі кәсіпкерлерге субсидияланады.

Имантау-Шалқар курорттық аймағы дамып келеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. CҚО әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбектің айтуынша, өңірдің туризм саласында айтарлықтай оң өзгерістер бар. Мәселен, өткен жылдың 9 айында 1 млрд теңгенің қызметі көрсетілген, бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе артық. Келген туристер саны да 79,2 %-ға көп. 2020 жылы 70 мыңға жуық адам қыдырып келсе, былтыр олардың саны 125 мыңға жуықтаған.

«Имантау-Шалқар курорттық аймағы елімізде дамытылуы тиіс ТОП-10-дыққа кірген. Мемлекеттік бағдарлама 2019 жылы қабылданды. Жылдан-жылға бұл аймаққа келіп, демалушылар саны артып келеді. 2020 жылдың 9 айында 18 мың, былтыр осы аралықта 25 мыңға жуық адам келген», - дейді Дәурен Жандарбек.

Қазіргі уақытта курорттық аймақта 40 демалыс орны бар. Оның онында былтыр жаңа нысандар салынды. 1 млрд теңге инвестиция құйылды. Биыл 324 орындық 15 нысанды пайдалануға беру жоспарланған. Қазір аймақты жыл бойы жұмыс істейтін 6 демалыс орны бар, жақында олардың саны 10-ға жетпек.

«Биылдан бастап туризмді мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктері енгізілді. Енді ұлттық стандартқа сәйкес келетін туристік қызмет көрсету нысандарын, жол бойындағы сервис объектілерін салу немесе жөнге келтіру кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына кеткен шығындардың 10 %-ы өтеледі. Кемінде 8 орындық туристік автобустарды сатып алған жағдайда оның құнының 25 %-ы субсидияланады. Бұдан басқа санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп ұстау үшін ай сайын 83 300 теңге мөлшерінде демеуқаржы беріледі», - дейді СҚО әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай