USD
USD
USD

Иманбек Ресейде өткен музыкалық фестивальде жұртты таңқалдырды

 Белгілі қазақстандық диджей, Грэмми иегері Иманбек Зейкенов (Imanbek) Ресейдің Нижний Новгород қаласында өткен музыка фестиваліне қатысты.

Иманбек Ресейде өткен музыкалық фестивальде жұртты таңқалдырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Иманбек көп адам жиналған концертте өнер көрсетті. Ресейде ауқымды фестивальдер өткізуге рұқсат беріліп отыр. Қазақстандық диджей алтыншы «Столица закатов» фестивалінің хедлайнері болды. Ол Instagram-да сурет жариялап, көрерменге алғыс білдірді.

«Roses от SAINt JHN трегіне ремикс жазып, әлемдік деңгейдегі жұлдызға айналған Imanbek (@imanbekmusic ) алғаш рет Ресейде! Біздің Нижний Новгород қаласында!», – деп жазды ұйымдастырушылар.

Ол 31 шілде күні «Столица закатов» фестивалінде өнер көрсетті. Фестиваль заманауи электронды музыкаға арналды. Иманбектен бөлек, көрерменді Going Deeper, Swanky Tunes қуантты.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт