USD
USD
USD

Иманбек Forbes көшін бастады

Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов (Imanbek) Ресейде 30 жасқа дейінгі табысты музыканттар рейтингінде көш бастады.

Иманбек Forbes көшін бастады
Фото: NEGE.kz

Жерлесіміздің Forbes рейтингісінде музыка номинациясы бойынша жеңімпаз атанғаны туралы аталған басылымның сайтында көрсетілген.

Сонымен қатар, әлемге аз уақыттың ішінде танылып үлгерген Imanbek-тің өмірбаяны, музыкадағы табысы мен жетістігі туралы қысқаша ақпарат берілген.

Ресейлік басылым жүргізген рейтингте Иманбектен бөлек, Вячеслав Марлов (Slava Marlow), Илья Гадаев, Анна Романовская (Cream Soda) секілді музыканттар да бар.

Жалпы Forbes-тың «30 жасқа дейінгі ең табысты 30 ресейлік» рейтингі 10 аталымнан тұрады. Оның қатарында кәсіпкерлік, қаржы және инвестиция, ғылым және технология, басқару, спорт және киберспорт, әлеуметтік практиктер, жаңа медиа, музыка, өнер және мода мен дизайн аталымы бар.

Қазір оқып жатыр

«Алтын доп» рәсіміне қатысқан Боранбаевқа шетелге шығуға кім рұқсат берді?

.

Жеңіс Қасымбек Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарады

Жеңіс Қасымбек

Трамп желтоқсанда Тоқаевпен кездесуді күтетінін айтты

Трамп пен Тоқаев

Ақмола облысында 345 баланы сертификатсыз емдеген тіс дәрігері әшкереленді

Тіс емдеу