USD
USD
USD

Imanbek британдық танымал топпен бірлесе трек жазды

Қазақстандық музыкант, диджей, Грэмми сыйлығының иегері Imanbek белгілі британдық топпен бірлесіп жаңа ән шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Imanbek британдық танымал топпен бірлесе трек жазды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бұл коллаборация заманауи ремейкте классикалық металл-бэнгер жасауға көмектесті. Бүгінде әлемдік рок тарихындағы ең танымал композициялардың бірі жас буын арасында екінші рет, жаңа мәнге ие болады», - деп атап өтті Иманбек Зейкенов.

Жаңа музыкалық туынды эклектиканы жаңа деңгейге көтеріп, стильдердің үйлесімін ғана емес, дәуірлерді де біріктірді. «Pour Some sugar On Me» барлық платформаға шықты.

«Біз үшін қазақ талантымен бірлесіп жұмыс істеу керемет тәжірибе болды. Тыңдаушылардың ең сүйікті синглдерінің бірі музыкадағы жаңа ұрпақ пен трендтің символы бола алатынына үміттенеміз», - дейді Def Leppard.

Айта кетсек, Def Leppard – 1977 жылы құрылған әйгілі рок тобы.1995 жылы бір күн ішінде 3 континентте өнер көрсеткен жалғыз орындаушы топ ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына енді. «Pour Some sugar On Me» сингліне түсірілген бейнеклип АҚШ-та 2-орынға ие болды, рекордтық 73 күнде MTV арнасында 1-орынға ие болды. Сонымен қатар, 2006 жылы «80-жылдардағы ең керемет 100 ән» рейтингінде VH1 арнасында 2-орынға көтерілді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.