USD
USD
USD

Иманбек әлемдік турнеге шығады

Қазақстандық диджей, "Grammy" сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов әлемдік турнеге шықпақ. Диджей желіде "Rahmet world tour" турнесінің анонсын жариялады.

Иманбек әлемдік турнеге шығады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Иманбектің концерттік шаралары Америка құрама штаттары, Бразилия мен Еуропа қалаларында өтеді деп жоспарлануда. Турне 8 сәуірде Нью-Йорктен басталып, 25 қыркүйекте Берлинде аяқталады.

"Rahmet tour-дың анонсы шықты. Күндерін қарап жүріңіздер", - деп жазды Imanbek Instagram желісінде.

Диджейдің жанкүйерлері бұл жаңалыққа аса қуанып, оның концерттерін асыға күтетіндерін жазуда. Айта кетейік, бұған дейін Imanbek 20 мамырда Колорадода өтетін концертінің анонсын жариялады. Temple Denver алаңында өтетін концертке сатылған әр билеттен 1 доллардан музыканы ұнататындар қауымдастағына арналған қайырымдылық жобасына жұмсалады. 

Қазір оқып жатыр

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы

Полициядан қашқан жүргізуші автобуспен соқтығысып, қаза тапты

Қостанай ПД