Имам «сөз түсінбейтін» әйелдерді қалай ұрып-соғуға болатынын айтты
Татарстандық имамның қатысуымен түсірілген видеоподкастың арты дауға ұласты. Видеода әйелді тәрбиелеу тақырыбы қозғалған.
Алматы, NEGE. «Татар-ақпарат» агенттігінің видеоподкасты «Хазіретпен шай» (Хазірет – Исламдағы беделді дін қайраткері) деп аталады, онда Қазан қаласындағы «Ирек» мешітінің имамы Тимур Камаев мұсылмандардың сұрақтарына жауап берген.
Сауалдарға жауап беру барысында татарстандық имам мұсылмандарға әйелдерін қалай «ұрып-соққаны» дұрыс екенін түсіндірген.
Тимур Камаевтың айтуынша, ислами тұрғыдан алғанда, ең бастысы – әйелдің денесіне із қалдырмау және қатты ұрмау. Имамның діни мәтіндерге негізделген сөзінің үзіндісі әлеуметтік желіде лезде тарап кетті.
«Міндетті түрде ұрғаныңыз әйеліңізге зиян тигізуі керек дегенді білдірмейді. Бұл жерде әйел адам өзінің дұрыс емес әрекет жасап жатқанын түсінуі керек. Мәселе адамды ұрып, көгерген із қалдыруда емес, оның артық кетіп бара жатқанын ақырын ескертуде», - дейді имам мұсылмандарға арнаған видеода.
Имам Тимур Камаев әйелді ұруға исламда тыйым салынғанын және бұл әрекеттің адам құқығын бұзатынын түсіндіреді. Ал егер әйел адам күйеуінің ұрғанын кешірсе, бұл оған қайырлы болады. Имамның айтуынша, әйел үшін, жалпы, ұрып-соғу жағдайының ең жақсы шешімі – күйеуін кешіру. Имам тұрмыстық зорлық-зомбылық көріп жүрген әйелдерге күйеуі үнемі соққыға жыққан жағдайда ғана көмек сұрауға кеңес берді.
Қазір оқып жатыр
Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды
Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек
Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты
Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті