USD
USD
USD

Image Awards марапаты табысталды

Лос-Анджелесте  

Image Awards марапаты табысталды
Фото: NEGE.kz

NAACP  Image Awards марапаты табысталды. Аталмыш жүлде қара нәсілділерді қолдау қоғамының ұйымдастыруымен жарты ғасырдан бері ұйымдастырылып келеді.

Алматы, NEGE. Шараның мақсаты – кино, телевизия, театр, музыка мен әдебиетте жетістікке жеткен жандарды марапаттау. Image Awards кешінде Бейонсе «Homecoming» жинағымен бірге репертуарындағы саудтрегімен «Үздік ән» жүлдесін иеленді. Ал оның тұңғышы Блу Айви анасымен орындаған «Brown Skin Girl» трегінің арқасында «Үздік дуэт» иесі атанды.

Әнші Лиззо болса, «Жыл әртісі» номинациясымен марапатталды.

«Бұл кеш өмірімдегі елеулі шараның бірі. Ұйымдастырушыларға рақмет. Күллі әлемге, жанкүйерлерге алғысым шексіз», - дейді Лиззо.

Айтулы шараға алдын ала дайындалып келген Рианна да құр алақан қайтпады. Өнер иесіне қайырымды істері мен мәдениет саласына қосқан үлесі үшін «President's Award» мүсіншесі табысталды.

«Бұл менің ғана жеңісім емес. Кезекті марапатқа барлығымыз бірігіп қол жеткіздік. 2012 жылы Клара Лайонель қоғамын құрғаным үшін қуанамын. Әлемді тек бірігіп қана өзгерте аламыз. Бәріне рақмет», - деп жазды Рианна.

Сонымен қатар, бұл кеште әнші Бруно Марс, рэпер Lil Nas X, 50 Cent-тің есімі аталды.

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Смартфон

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Маңғыстау

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Әбиба Әбужақынова

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды

түрме