USD
USD
USD

ІІМ Астана мен Қарағандыда арнайы операция жүргізді

23 тамыз күні Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Астана және Қарағанды қалаларының аумағында Қарағанды облысындағы криминогендік жағдайға теріс әсер ететін қылмыстық топты құрықтау бойынша кең ауқымды арнайы операция жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ Астана мен Қарағандыда арнайы операция жүргізді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Топ мүшелерінің тау-кен өндіруші компаниялардың бірінің тауарлық-материалдық құндылықтарын ұрлауға, есірткі мен атыс қаруын сақтауға, сондай-ақ 2022 жылы қылмыстық текетірес кезінде Қарағанды тұрғынын өлтіруге оқталу фактісіне қатысы бар екені анықталды. Осы қастандықты жасамақ болған топтың болжамды “киллері” көрші мемлекеттің аумағында ұсталды.

– 70 тінту іс-шарасы өткізілді, соның нәтижесінде тоғыз қару, 400-ге жуық оқ-дәрі, пышақтар, радиостанциялар, үлкен көлемде ақша және басқа да заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленді. Полицияға 28 адам жеткізілді, оның ішінде топтың 12 белсенді мүшесі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің бірнеше баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс