Илья Ильин Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында күтпеген мәлімдеме жасады
Илья Ильин 25 қаңтарда Мәдениет және спорт министрлігі алқасында Ауыр атлетика федерациясын басқаруға дайын екенін мәлімдеді.
Алматы, NEGE. Ол федерацияның қазіргі жұмысына алаңдаулы. Илья Ильин ауыр атлетика федерациясында екі жылдан бері спорт менеджері болып жұмыс істеп келе жатыр.
– Мен екі жылдан бері кәсіпқой спортшы емес, спорт менеджері ретінде жұмыс істеп келемін. Екі жыл бойы мен командада уақыт күттірмейтін кейбір мәселелермен айналыстым. Бір жылдан бері түсініксіз күйде жүрміз, ауыр атлетика федерациясының президентіне лайық адам таба алмай отырмыз. Бір жарым жыл бұрын мен менеджер болып кірген кезде жаттықтырушылармен сөйлестім, үлкен мәселелер болды, мен сол мәселелерді көтердім. Бір жігіт асылып өлген жағдай да болды... Мен бізге психологтар қажет екенін айттым. Қиындықтардың болғандықтан, құраманы көтеруіміз қажет. Алайда кейін біз екіге, содан кейін үшке бөлініп кеттік. Облыстарды аралап, бапкерлермен жеті сағат сөйлесіп отырып, спортымыз түбегейлі жойылмас үшін көп мәселелерді түсіндіруге тура келді, – деді ол.
– Мен қазір әріптестеріме, басшылыққа, Алтай Көлгіновке (премьер-министрдің орынбасары) және Асхат Ораловқа (мәдениет және спорт министрі) өтініш білдіремін, бір шешім қабылдаңыздар. Мен жетілдім, федерацияны өз қолыма алуға дайынмын. Менің ақшам көп емес, бірақ мен бұл спорттың қыр-сырын білемін. Қолдау көрсетіп, нақты тапсырмалар беріңіз, – деді Ильин.
Бұған жауап ретінде Мәдениет және спорт министрлігінің басшысы Асхат Оралов «ол жерде жүйелі мәселелер барын» мойындап, спортшыға «бөлек кездесуді» ұсынды.