USD
USD
USD

Илья Ильин ауруханаға түсті

Қазақстандық ауыр атлет, әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин ауруханаға түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Илья Ильин ауруханаға түсті
Фото: NEGE.kz

Aлматы, NEGE.  Спортшы өзінің Instagram парақшасында дәрігерлерге арнап видеоүндеу жолдады. «Мен бұл видеоны жүктегім келмеді, бірақ қазіргі қал жағдайымды жазғаным дұрыс деп шештім. Қазір бәрі ойдағыдай. Видеода бәрін қысқаша айттым. Дәрігерлерімізге көп рақмет! Қазір сіздер үшін өте қиын кезең екенін бәріміз жақсы түсінеміз. Сіздерге бүкіл Қазақстан халқы үмітпен қарап отыр» деп жазады Илья Ильин.

Өзінің айтуынша, ауыр атлет алты күннен бері ауруханада жатыр. Ол коронавирус жұқтырмаған, күйзеліске байланысты аллергиялық реакция болған. Қызылордалық дәрігерлер әрең дегенде есін жиғызған. Қазір ол екінші күн жаттығу жасап, ауруды жеңуге бар күшін салып жатыр.

«Достар, өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз» деген спортшы өзінің жатқан палатасы мен қалай жаттығу жасап жүргенін көрсетеді. Еске сала кетейік, Илья Ильин таяуда ғана Қызылордадағы «Мұз сарайының» директоры болып тағайындалған еді.

Қазір оқып жатыр

BilimClass платформасында ақау шығып, оқушылар электронды күнделікке кіре алмай қалды

Смартфон

200 мың доллар және милиондаған рубль: шекарадан қолма-қол ақшаны заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Шекара қызметкері мен күдікті

«Халықтық құрылысқа» бөлінетін 6,5 трлн теңге: Годунова қандай қауіп барын айтты

Құрылыс

Жетісу облысындағы Балқаш жағалауында алғашқы коммуналдық жағажайдың құрылысы аяқталды

Жағажай