USD
USD
USD

Илья Ильин ауыр атлетика мектебін ашпақ

Шығыс Қазақстан облысында Илья Ильин атындағы ауыр атлетика мектебін ашу жоспарланып отыр.

Илья Ильин ауыр атлетика мектебін ашпақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жайлы аймақ басшысы Даниал Ахметов Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды.

«Ауыр атлетикадан Олимпиада ойындарының чемпионы және өзге де жарыстарда үздіктер қатарынан көрінген зілтемірші Илья Ильинмен кездестім. Үш түрлі салмақ дәрежесінде төрт дүркін әлем чемпионы атанған Илья серпе көтеруде әлемдік рекордты да жаңартқан. Ол жай спортшы ғана емес, адами болмысы мен тұлғалық қасиеті өзара үндескен адам», - деді ол.

Қазіргі таңда Илья Ильин Қызылорда қаласындағы «Мұз» сарайын басқарады. Оның ауыр атлетика мектептерін ашу жайлы үлкен жоспарлары бар.

«Кездесуде Шығыс Қазақстанда Илья Ильин атындағы мектепті ашу мүмкіндігін талқыладық. Біздің спортшылар әртүрлі әлемдік жарыстарда өздерін осы спорт түрінде өте жақсы көрсетеді. Өйткені ауыр атлетика - тек қана алып дене мен күшті ғана емес, рухани мықтылықты да талап етеді.

Сондай-ақ ауыр атлетіміз Денис Улановты қалпына келтіру, оңалту және үлкен спортқа қайтару туралы тақырыпта сөз қозғадық. Илья жуықта Азия чемпионы атанған облысымыздың «Алтай» клубының волейболшыларына риза екендігін де жеткізді», - деді облыс әкімі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы