USD
USD
USD

Илон Масктың дәулеті бір тәулікте 25 млрд долларға артты

Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаған Илон Масктың дәулеті өткен тәулікте 25,1 млрд долларға артып, рекордтық көрсеткішке жетті. Бұған 10 наурыздағы Bloomberg Billionaires Index (BBI) деректері дәлел, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Илон Масктың дәулеті бір тәулікте 25 млрд долларға артты
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE.  Қазіргі уақытта оның капиталы 174 млрд долларды құрайды. Ол рейтингіде көш бастаған Amazon негізін қалаушысы Джефф Безостан кейін қалды. Ал оның байлығын Bloomberg агенттігі 180 млрд долларға бағалап отыр. Өз кезегінде Forbes Real-Time Billionaires журналы рейтингінің мәліметіне сәйкес, Маск өз дәулетін өткен тәулікте 22,6 млрд доллардан 166,2 млрд долларға дейін ұлғайтты. Осылайша, тізімде капиталы 179,9 млрд доллар болатын Безостан кейін екінші орында тұр. 26 ақпанда Илон Маск бір тәулікте 14 млрд АҚШ долларын жоғалтқан болатын. Сауда-саттық барысында Tesla компаниясының акциялары 8,6%-ға төмендеді. Маск ғаламшардағы ең бай адамдар тізіміндегі көшбасшылығынан айырылды. Көшбасшылық Amazon-ның негізін қалаушыға ауысты.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті