USD
USD
USD

Илон Маск Twitter логотипін өзгертеді

Twitter әлеуметтік желісінің логотипі өзгереді. 

Илон Маск Twitter логотипін өзгертеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Twitter әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск брендтің логотипін өзгертетінін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ребрендинг жайында ол өз парақшасында хабарлады. «Жақында Twitter брендімен және бірте-бірте бүкіл құстармен қоштасамыз», - деп жазды ол.

Желі иесі өз парақшасында жаңа логотиптің кейбір нұсқаларын ұсынды. Илон Масктың айтуынша, құс X-пен алмастырылады. Өйткені бұл адамдардың мінсіз еместігін, кемшіліксіз жан болмайтынын білдіреді.

«Бұл бізді осындай бірегей етіп тұрған бүкіл кемшіліктерді көрсетеді», - дейді ол.

Ол өз нұсқасын ұсынып қана қоймай, қолданушыларды жаңа логотипке үміткер ұсынып, ішінен үздігін таңдауға атсалысуға шақырды.

«Егер бүгін кешке бәріне ұнайтын оңтайлы логотип табылса, күні ертең бүкіл әлем бойынша ребрендинг жасалады» деп жазды Илон Маск.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net