USD
USD
USD

Илон Маск рекорд жаңартты

SpaceX және Tesla компанияларының басшысы Илон Маск Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтсті басып озып, әлемдегі ең бай адамдар тізімінде екінші орынға көтерілді. Бұл туралы Bloomberg Billionaires Index (BBI) жариялаған тізімде айтылады, – деп хабарлайды РИА Новости.

Илон Маск рекорд жаңартты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дереккөз мәліметінше, Масктың байлығы 127,9 миллиард долларға жетіп, бір жыл ішінде 100,3 миллиард долларға өскен, бұл BBI-де рекордтық жылдық өсім екен.

Билл Гейтс болса үшінші орынға түсіп қалды, оның капиталы 127,7 миллиард долларға бағаланады. Ал бірінші орында Amazon негізін қалаушы Джефф Безос тұр, оның байлығы шамамен 182 миллиард доллар екен.

Сондай-ақ, әлемдегі ең бай бес адамның қатарына Louis Vuitton Moët Hennessy президенті Бернар Арно мен Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг кірді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy