Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Илон Маск маймылдың миына чип орнатты

«

Илон Маск маймылдың миына чип орнатты
Фото: NEGE.kz

 Tesla мен SpaceX негізін қалаушы Илон Маск стартапы Neuralink маймылдың миына "ой күшімен" бейнеойындар ойнауға мүмкіндік беретін чипті сәтті орнатқанын жария етті", - деп хабарлайды Daily Mail.

Алматы, NEGE. Миллиардердің чипті миға орнатудың мақсаты – ми мен жұлын жарақаттарының салдарын жою және оның көмегімен жоғалған қабілеттерді толықтыру. Оның айтуынша, чип "бас сүйегінде миға қосылған кішкентай сымдары бар фитнес білезік тәрізді".

"Бізде бас сүйегінде кішкентай сымдармен имплант орнатылған маймыл бар. Ол санасы арқылы бейнеойын ойнай алады. Импланттың қай жерде екені көрінбейді, ол – бақытты маймыл. Бізде маймылдарға өте жақсы жағдай жасалған. Олар бір-бірімен интеллектуал пинг-понг ойнағанын қалаймыз", - деді Маск.

Миллиардер чип орнатылған маймылдардың видеосы жақын арада шығады деп уәде берді.

Neuralink стартапы 2017 жылы Маск ашқан, ол ми чиптерін әзірлейді. 2019 жылдың шілдесінде компания презентация өткізіп, онда ми мен компьютер арасындағы байланыс үшін чип жасаудың алғашқы қадамдары туралы айтылған.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық