USD
USD
USD

Илон Маск ең бай адам атанды

Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Forbes құрастыратын қазіргі уақыттағы әлемдегі ең бай адамдардың рейтингінде көш бастады.

Илон Маск ең бай адам атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Масктың дәулеті 200 миллиард доллардан асып, нарықтар жабылған кезде 203,4 миллиард долларды құрады.

Рейтингіде екінші орында Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безос тұр. Оның байлығын Forbes 197,7 миллиард долларға бағалады.

Тізімдегі үшінші орында 175,2 миллиард долларлық дәулеті бар Louis Vuitton иесі Бернар Арно тұр.

Қаңтарда Маск Безосты басып озып еді, алайда ол бірінші орнын сақтап қала алмаған болатын.

Forbes атап өткендей, Масктың дәулеті Tesla акцияларының тұрақты өсуінен кейін артты. Олар 2%-ға қымбаттап, 2021 жылдың ақпан айынан бастап жабылған кездегі ең жоғары бағасына – 791,36 долларға жетті.

Қазір оқып жатыр

Татьяна Ким Wildberries бас директоры қызметінен кетті

Вайлберрис

Словакияда адам ұрлады деген күдікпен төрт қазақстандық ұсталды

.

Суреттер үшін туған әпкесін өлтірді ме? Әзербайжанда 18 жастағы жігіт ұсталды

.

«Самұрық-Қазынаны» тарату жаңа проблемалар туғызуы мүмкін – Болат Жәмішев

Болат Жәмішев