Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Илон Маск бір тәулікте 14 млрд-қа жуық доллардан айырылды

Өткен тәулікте Америка кәсіпкері Илон Маск Tesla акцияларының төмендеуі салдарынан 14 млрд-қа жуық долларынан айырылды.

Илон Маск бір тәулікте 14 млрд-қа жуық доллардан айырылды
Фото: NEGE.kz

Bloomberg Billionaires Index (BBI) сауда және индекс мәліметтері осыны көрсетіп отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат  хабарлады.

Алматы, NEGE. Осылайша, Масктің байлығы 13,6 млрд долларға азайып, 176 млрд долларды құрады. Кәсіпкер қазір әлемнің ең дәулетті адамдарының тізімінде Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безостан кейін екінші орында тұр.

Маск әлемнің ең бай адамдары тізіміндегі бірінші орыннан екі күн бұрын, 23 ақпанда айырылды. Бұл күні Tesla акцияларының құны 8,6 пайыз төмендеп, бизнесменнің дәулеті 15,2 млрд долларға азайды.

Bloomberg агенттігі бұған Масктің биткоин бағасы жайында берген түсініктемесі себеп болуы мүмкін екенін атап өткен.

20 ақпан күні Twitter пайдаланушыларының бірімен хабар алмасу барысында ол биткоин криптовалютасы мен эфириум бағаларын жоғары деп атаған еді. Илон Масктің осы айтқаны криптовалютаны құлауына әсер еткен болуы мүмкін», -деген болжам жасайды Bloomberg.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел