USD
USD
USD

Илон Масктың Neuralink компаниясы адам миына алғаш рет чип орнатты

Нейрочип Bluetooth арқылы гаджеттерді басқаруға мүмкіндік береді.

Neuralink
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жоба 2016 жылы іске қосылды, бірақ бұған дейін зерттеулер тек жануарларға жүргізілген. Компанияның негізін қалаушы Илон Маск X әлеуметтік желісінде науқастың өзін жақсы сезінетінін және алғашқы нәтижелердің жаман емес екендігін жазды.

Компанияның өнімі Telepathy (телепатия) деп аталады. Құрылғы есту аппараты сияқты құлақтың артына бекітіледі. Одан миға жіп тәрізді электродтар барады. Миға барлығы 1,5 мыңға дейін электродтар салынады. Олардың әрқайсысы адамның шашынан төрт есе жұқа.

– Өнім телефонды немесе компьютерді және ол арқылы кез келген құрылғыны тек ойлау арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Оны аяқ-қолдарын басқара алмайтын адамдар пайдалана алады, – деп жазды Илон Маск.

Маск 2016 жылы Neuralink компаниясының негізін қалаған. Компанияның штаб-пәтері Сан-Францискода орналасқан. Ол чипті имплантациялауды 2022 жылы жоспарлаған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Мүмкін азайтармыз. ТШО акционерлері НЕГЕ Қазақстанмен саудаласып көрмек?

ТШО

Блогер Ерболат Жанабылов әйелімен ұрысқаннан кейін ұсталды

Ерболат Жанабылов, Эльмира Төлегенова

40 млрд теңге және 2 млн-дай бір реттік доза: Қарағанды облысында ірі есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды

Есірткі зертханасы

Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты

Жұмысшы қазасы