USD
USD
USD

Илон Маск Украинаға қатысты мәлімдеме жасады

 Америкалық миллиардер, АҚШ-тың мемлекеттік тиімділік департаментінің басшысы Илон Маск Украинадағы қақтығысты тоқтату қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.

И
Фото: WireImage

Алматы, NEGE. Италияның Флоренция қаласындағы "Лига" партиясының конгресі кезінде Илон Маск бейнебайланысқа шықты.

Миллиардер Украинадағы әскери іс-қимылдарды жалғастыруды қалайтындарды "суайт пен екіжүзді адамдар" деп атады.

"Мен соғысты қоздыратындарды және әскери алыпсатарларды сыйламаймын. Бұл нағыз жауыздық...Президент Трамп дұрыс айтады, жастар мен кәрілерді қырғанды доғару қажет. Тоқтайтын уақыт келді, бұл өлім машинасын тоқтату керек", - деді Маск.

Флоренцияда арнайы сахнада Маскпен бейнебайланыс арқылы вице-премьер Маттело Сальвини сөйлесті.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы қақтығыстың реттеудің мақсаты қысқа мерзімді бітім емес, ұзақмерзімді бейбітшілік болу қажеттігін айтқан. Билік ресейлік халықтың мүддесі үшін күресті жалғастыра береді. Себебі "арнайы операцияның мағынасы да сол". Путиннің айтуынша, Украинадағы бейбіт өмір осы аймақта тұратын барлық халықтар мен адамдардың заңды мүддесін құрметтеу қағидатына негізделуі керек.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек