USD
USD
USD

Илон Маск Түркиядағы митингіге шыққандардың аккаунтын бұғаттады

Maсктың X әлеуметтік желісі (бұрынғы Twitter) Түркияда наразылық акциясына шыққан халықтың «үнін өшіре» бастады, деп хабарлады Politico.

Маск
Фото: Patrick Pleul/Pool via Reuters

Алматы, NEGE. Анкараның талабы бойынша жаппай митингілер туралы жазатын аккаунттар бұғаттала бастаған. Бұл жағдай негізінен жастарға, оның ішінде оппозициялық студенттер топтарына кері әсер етті. Әлеуметтік желінің бұғатталуы наразылық білдірушілердің ақпарат алмасуына, бір-бірімен байланыс орнатуына кедергі келтірді.

Түркия билігінің мұндай қадамға баруы алдағы президент сайлауында Ердоғанның басты бәсекелесі болады деген Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлының қамауға алынып, елде наразылықтың күшеюімен байланысты.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы 19 наурызда сыбайлас жемқорлықпен, парақорлықпен, пара берумен және террористік әрекетке жәрдемдесумен айналысатын ұйымға қатысы бар деген күдікпен Экрем Имамоғлы ұсталған. Оппозициялық саясаткер биліктің қысымына көнбейтінін және өзіне тағылған кінәні мойындамайтынын мәлім еткен. Мұның соңы Ыстамбұлда жаппай наразылыққа ұласып, 300 мыңдай адам көшеге шықты.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, бірнеше үйдің шатыры бүлінді

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.